Bluetooth®
Bluetooth® функциясын іске қосу мүмкін емес
Себебі: батареялар тым әлсіз
Шешімі: батареяларды алмастырыңыз
Bluetooth® байланысы жоқ, дисплейдегі "ERROR" индикациясы
Себебі: Bluetooth® байланысындағы ақау
Шешімі:
- Bluetooth® функциясының іске қосылғанын тексеріп шығыңыз (өлшеу құралыңызда да, ақырғы мобильді құрылғыда да)
- Bluetooth® функциясын өшіріп, қайта қосыңыз (өлшеу құралында да, ақырғы мобильді құрылғыда да)
- Ақырғы мобильді құрылғыдағы қолданбаны тексеріңіз
- Ақырғы мобильді құрылғыға артық жүктеме түспегенін тексеріңіз
- Өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасындағы қашықтықты қысқартыңыз
- Өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында кедергілердің (мысалы, болаттық бетон, металл есіктер) болуына жол бермеңіз; электрмагниттік кедергі көздерінен (мысалы, WLAN таратқыштары) алшақ тұрыңыз