Дәлдік тексерісі

Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Дәлдікті тексеру және еңісті өлшеу функциясын калибрлеу

"Еңісті өлшеу", "Сандық ватерпас" және "Жанама қашықтықты өлшеу" режимдерінде еңіс датчигі қолданылады. Бұл режимдер пайдаланылған кезде, біз калибрлеуді жүйелі түрде орындауға кеңес береміз.

  1. Мәзірді шақыру үшін  түймесін, ал Негізгі реттеулер мәзірін шақыру үшін  түймесін басыңыз.
  2. Калибрлеу әрекетін бастау үшін еңісті калибрлеу түймесін  басыңыз.
  3. Сенсорлық экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Температураның шұғыл өзгеруінен және соққы жасалғаннан кейін, дәлдікті тексеруге және, қажет болса, өлшеу құралын калибрлеуге кеңес беріледі. Температураның өзгеруінен кейін, калибрлемес бұрын өлшеу құралынның температурасын біраз уақыт ретке келтіру керек.
Шұғыл температура өзгерістерінен кейін өлшеу құралы автоматты түрде калибрлеуді ұсынады.

Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру

Дәлдікті тексеру үшін өлшеу жұмысын қолайлы жағдайларда өткізу керек, яғни өлшеу қашықтығы бөлме ішінде орналасып, өлшеудің мақсатты жазықтығы тегіс болуы және жақсы шағылысуы керек (мысалы, ақ түспен сызылған қабырға).

  1. Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, шамамен 310 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы).
  2. Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
  1. Бөлек өлшемдердің ауытқуы қолайлы жағдайлардағы толық өлшеу қашықтығында дәл анықталған өлшемнен ең көбі ±2.5 мм болуы керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз.