Батареяны енгізу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.
- Тірек плитаны (3) жайыңыз.
- Батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз.
- Батареяларды енгізіңіз.
Заряды бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болғанда, бұл әлі де аз ғана өлшеу әрекеттерін орындауға болатынын білдіреді.
- Барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бір өндіруші ұсынған және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
- Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақталған батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.