Ара полотносын салу/алмастыру

Әрдайым ара дискісін толықтай жаңа ара дискісіне алмастырыңыз. Шынжырдың өзін алмастыруға болмайды.

Тек өңделетін материалға сайкес келетін ара дискілерін пайдаланыңыз. Ара дискісі қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.

Ара төсемі

Кесік тереңдігі

Тапсырыс нөмірі

Материалдар

NanoBlade Wood Basic

50 мм

2 609 256 D83

Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)

NanoBlade Wood Basic

65 мм

2 609 256 F43

Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)

NanoBlade Wood Speed

50 мм

2 609 256 D84

Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)

NanoBlade Wood Speed

65 мм

2 609 256 D86

Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)

  • Тек таза ара дискісін орнатыңыз. Ара дискісінің патронында жоңқа мен үгінді болмағанына көз жеткізіңіз.

Құлыптау иінтірегінің (10) көмегімен ара дискісі патронының қақпағын (9) ашыңыз. Ара дискісін суретте көрсетілгендей салыңыз. Жетек білігі және ара дискісінің шеті ара дискісі патронының (13) ойығына сай келетіндігіне көз жеткізіңіз. Ара дискісі патронының қақпағын жауып, оны құлыптау иінтірегінің көмегімен құлыптап қойыңыз. Құлыптау иінтірегі шерту дыбысымен тірелуі тиіс.

Ара дискісінің шынжыры автоматты тартылады.

Егер жынжыр сырғыса немесе бағыттауыштан босап кетсе, ара дискісі патронының қақпағын (9) ашып жабыңыз.

Құлыптау иінтірегін (10) ашып, ара дискісі патронының қаптамасын (9) толықтай жайыңыз. Ара дискісін шығарып алыңыз.