Пайдалануға ендіру

Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосу құлпын (3) оңға немесе солға қарай итеріңіз. Содан кейін ажыратқышты (4) басып, ұстап тұрыңыз.

Электр құралы іске қосылған соң іске қосу құлпын (3) жіберуге болады.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) жіберіңіз.

Ажыратқышты (4) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының аралау жылдамдығын біртіндеп реттеуге болады.

Талап етілетін аралау жылдамдығын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Ара дискісін дайындамаға орнатуда аралау жылдамдығын төмендету ұсынылады.

Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.