Пайдалану нұсқаулары

Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.

Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін тоқтатпаңыз.

Электр құралды әрқашан айналу бағытына кері жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды.

Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.

Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.

Кесу көмекші құралы (14) материалдарды кесу кезінде кесік бойынша дәл бағыттауға мүмкіндік береді. Кесуден бұрын кесу көмекші құралының (14) берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін кесу көмекші құралын (14) қаптамамен (7) бірге бекіткіш қабырға (17) ойыққа (16) тірелетіндей етіп бұраңыз.

Электр құралын тасымалдау үшін тасымалдау қабын (13) монтаждаңыз. Ол жарақат алудан және зақым келтіруден қорғау үшін қолданылады.