Іске қосу

Қосу/өшіру

Электр құралын құлыптан босату үшін іске қосылудан қорғайтын құлып түймесін (4) басыңыз. Күй жарық диоды (1) жасыл түспен жанады. Содан кейін электр құралын қосу үшін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз. Күй жарық диоды (1) жасыл түспен жанып тұрғанша, электр құралы құлыптан босатылып тұрады.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз. Содан кейін электр құралын құлыптау үшін іске қосылудан қорғайтын құлып түймесін (4) басыңыз. Электр құралы бес минуттан ұзақ қосылмайтын болса, ол автоматты түрде құлыптанады.

Электр құралы ажыратқышты (5) жібергеннен кейін өшпесе, іске қосылудан қорғайтын құлып түймесін (4) басыңыз.