Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы мына бүрку материалдарын себуге арналған: құрамында еріткіш бар және сумен ерітуге болатын (ұсынылатын) лак бояулары, көкшіл бояулар, төсеме бояулар, түссіз бояулар, бітегіштер, майлар және су.

Электр құралы дисперсиялық және латексті бояуларды (қабырға бояулары), сондай-ақ сілтілерді, желіндіру ерітінділерін, қышқылды қамтитын жабын материалдарын, зарарсыздандырғыш құралдарды, өсімдік қорғайтын құралдарды және фасадтық бояуларды өңдеуге арналмаған.