Аккумуляторды зарядтау
- Зарядтау үшін USB зарядтау құрылғысын немесе кернеуі 5 В, ток күші кем дегенде 1,0 А зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.USB зарядтау құрылғысының пайдалану нұсқауларын орындаңыз.
Ұсынылатын зарядтау құрылғысы: "Техникалық деректер" тарауын қараңыз.
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген зарядтау құралдарымен 220 В жұмыс істеуге болады.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
- Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Жұмыс кезіндегі аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) жартылай басылған ажыратқыш (5) күйінде қызыл түспен жанса, бұл аккумулятор қуатының 30%-дан төмен және оны зарядтау қажет екендігін білдіреді.
Зарядтау үшін зарядтағыш кабельді (11) тұтқаның астыңғы жағындағы ұяшыққа (8) және штепсельдік қуат блогына (10) енгізіңіз. Содан кейін штепсельдік қуат блогын (10) розеткаға енгізіңіз.
Зарядтау кезіндегі аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) заряд деңгейін көрсетеді. Зарядтау процесінің барысында жасыл түсті индикатор жанып тұрады. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) жанбай қалса, бұл аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді.
Зарядтау процесінің барысында электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай болып табылады.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, зарядтағыш құрылғыны ток желісінен ажыратыңыз.
Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және ол зарядтау кезінде жұмыс істемесе бұзылған болып табылмайды.
- Зарядтау құрылғысын ылғалдан қорғаңыз!