Бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары
- Бұрғы бекітілген болуы тиіс.Бұрғы дұрыс бекітілмесе жылжуы немесе төменге түсіп жарақаттауы мүмкін.
- Дайындама қысылған немесе дайындама тіреуішіне бекітілген болуы тиіс. Бекем бекіту үшін тым кіші бөліктерді бұрғыламаңыз. Жұмыс кезінде дайындаманы ұстап тұру жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Қолғап кимеңіз. Қолғап айналып тұрған бөліктер немесе сынықтар арқылы тартылып жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспап степ тұрғанда қолдарыңызды шығармай тұрыңыз. Айналып тұрған бөліктерге тиіп тұру жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтар дайындамаға апарудан алдын айналып тұрғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, керек-жарақтар дайындамаға қысылып дайындаманың күтілмеген әрекетіне және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтар қысылғанда, төмен баспай тұрыңыз және аспапты өшіріңіз. Зерттеп қысылудың себебін жою үшін дұрыстау әрекеттерін жасаңыз. Қысылу дайындаманың күтілмеген әрекетіне және жеке жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
- Төменгі қысымды жүйелі түрде кідірту арқылы ұзын кесіктердің пайда болуына жол бермеңіз. Өткір металл кесіктері шатасуды тудырып, адамға жарақат тигізуі мүмкін.
- Аспап істеп тұрғанда бұрғылау аймағынан сынықтарды алып тастамаңыз. Сынықтарды алып тастау үшін керек-жарақтарды дайындамадан алып тастап, аспапты өшіріңіз да керек-жарақ тоқтауын күтіңіз. Сынықтарды алып тастау үшін қылшық немесе ілмек сияқты аспаптарды пайдаланыңыз. Айналып тұрған бөліктерге тиіп тұру жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтардың есептелген жылдамдығы кемінде электр құралында белгіленген максималдық жылдамдыққа тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
- Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы" кестесін қараңыз).
- Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін болсын.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. |
- Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек.
- Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз.
- Балаларға электр құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін
- Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.
- Электр құралын берік, тегіс және көлденең бетте бекітіңіз. Егер электр құралы сырғитын немесе тербелетін болса, оны бірқалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды.
- Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Өңделетін дайындаманы қоса бүкіл жұмыс аймағын таза ұстаңыз. Өткір қырлы бұрғылау жоңқасы мен бөгде заттар жарақаттануға әкелуі мүмкін. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл металл шаңы жанып жарылуы мүмкін.
- Жұмысты бастаудан бұрын дұрыс айналу жиілігін орнатыңыз. Айналу жиілігі бұрғы диаметрі мен бұрғыланатын материалға сай болуы керек. Қате орнатылған айналу жиілігінде электр құралы дайындамаға ілінуі мүмкін.
- Жұмыстан соң алмалы-салмалы аспап суығанша тимеңіз. Алмалы-салмалы аспап жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз.
- Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.