Жұмыс істеуге дайындық

Тікелей жұмыс аймағы жеткілікті түрде жарықтандырылғанына көз жеткізіңіз.

  • Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13) күйіне бұраңыз.
  • Жарық блогын (22) (30) түймесі арқылы қосыңыз.
    Дисплейде (14) "Жарық" индикаторы көрсетіледі.

Лазерлік крест дәл бұрғылау орнын көрсетеді.

  • Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13) күйіне бұраңыз.
  • Лазер блогын (22) (31) түймесі арқылы қосыңыз.
    Дисплейде (14) "Лазер" индикаторы көрсетіледі.
  • Дайындамадағы таңбаламаны лазерлік крестпен туралаңыз.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.

Ұзын және ауыр дайындамаларды бос шетінен басып тіреу керек.

Нұсқау: кіші дайындамаларды мықтап қысу үшін білдек қысқышын (мысалы, Bosch MS 80) пайдаланыңыз.

  • Дайындаманы лазерлік кресттің көмегімен орналастырыңыз.
  • Жылдам қысқыштағы (3) жылдам қысқыш иінтіректі (2) босатыңыз.
  • Жылдам қысқышты дайындамаға жатқызыңыз. Жылдам қысқыш иінтіректі (2) дайындама мықтап қысылғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
  • Бұрғылағаннан кейін жылдам қысқыш иінтіректі (2) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
  • Жылдам қысқышты (3) бүйірге қарай бұрап, дайындаманы шығарып алыңыз.

Параллель тірек (19) үлкен дайындамалардың бұралып кетуіне жол бермейді.

  • Параллель тіректегі (19) қатпарлы бұрандаларды (20) босатып, параллель тіректі тірек тақтасының (1) ойықтарына енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұрғыларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
  • Дайындаманы жылдам қысқыштың (3) көмегімен бекітіңіз.

  • Жетек блогының биіктігін жұмыс барысында өзгертпеңіз. Қысқыш иінтіректі (7) айналатын дөңгелек бастапқы күйде болғанда ғана іске қосыңыз. Бұл қауіпсіздік шарасы ықтимал жарақат алудың алдын алады.

Жетек блогының (12) биіктігін алмалы-салмалы аспап ұзындығына және дайындама өлшеміне байланысты реттеуге болады.

Нұсқау: жетек блогының биіктігін реттегеннен кейін дайындаманың орналасуын лазерлік кресттің көмегімен қайтадан тексеріп шығу керек. Қажет болса, дайындаманы қайта туралау керек.

Тежегіш, қысқыш иінтірек (7) ашық болған кезде, жетек блогының (12) өздігінен түсіп қалуына жол бермейді. Тежегіштің қысу күшін кейде-кейде тексеріп және қажет болса, реттеп тұрыңыз.

  • Айналмалы дөңгелек (11) бастапқы күйінде болғанына көз жеткізіңіз.
  • Бір қолмен айналмалы дөңгелекті (11) ұстап алыңыз да, басқа қолмен қысқыш иінтіректі (7) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
  • Айналмалы дөңгелектің көмегімен жетек блогының (12) биіктігін енгізілген алмалы-салмалы аспапқа және дайындама биіктігіне сәйкес реттеп шығыңыз.
  • Қысқыш иінтіректі (7) сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап бекітіңіз.

Нұсқау: қысқыш иінтіректе (7), оны пайдалануға ең қолайлы немесе бос орын үнемдейтін күйге бұрау мүмкін болуы үшін, бос жүріс бар.
Қысқыш иінтірек тартылған жағдайда, жетек блогының тұтқасын ары тартып, қажетті күйге бұраңыз және оның қайта бүгілуіне мүмкіндік беріңіз.