Қолданысқа енгізу

  • Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13) күйіне бұраңыз.
  • Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (13) күйіне бұраңыз.
    Енді айналу жиілігін реттеуге болады.

  • Бұрғылауды аяқтау үшін ажыратқышты (13) күйіне бұраңыз.

немесе

  • Электр құралын толықтай өшіру үшін ажыратқышты (13) "0" күйіне бұраңыз.
    Нұсқау: электр құралы енді қуат көзінен ажыратылған. Ағымдағы барлық реттеулер жойылады.

Алмалы-аспап, мысалы, дайындамаға ілініп қалған кезде, электр құралын Quick Stop функциясы арқылы жылдам өшіруге болады.

  • Ажыратқышты (13) қысқаша әрі жылдам басыңыз. Электр құралы мен дисплей бірден өшіп қалады.
    Нұсқау: электр құралы енді қуат көзінен ажыратылған. Ағымдағы барлық реттеулер жойылады.
  • Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін ажыратқышты (13) "0" күйіне кері бұрау керек.
    Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады (ажыратқыш (13) күйінде).

Қайта іске қосылудан қорғаныс электр қуатының берілуі үзілгеннен кейін (мысалы, жұмыс кезінде желілік ашаны тарту арқылы) электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

  • Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін ажыратқышты (13) күйіне кері бұрау керек.
    Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады (ажыратқыш (13) күйінде).

Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өздігінен өшіп қалады.

  • Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін ажыратқышты (13) күйіне кері бұрау керек.
    Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады (ажыратқыш (13) күйінде).