Айналу жиілігін реттеу

Тиісті айналу жиілігін реттеген кезде айналу жиіліктерінің диаграммасын (6) қараңыз. Диаграммада болат (Steel) және алюминий (Aluminium) материалдарына арналған бұрғы диаметріне (Ø мм бойынша) байланысты реттелетін айналу жиілігі (айн/мин) көрсетіледі.

Берілістің механикалық таңдалуы

Беріліс ауыстырып-қосқышы (21) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.

1-беріліс:
төменірек айналу жиілігінің диапазоны; үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған.

2-беріліс:
жоғарырақ айналу жиілігінің диапазоны; шағын бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған.

  • Беріліс ауыстырып-қосқышын (21) қажетті күйге бұраңыз.

Егер беріліс ауыстырып-қосқышы (21) тірелгенше бұралмаса, бұрғылау патронын бұрғымен бірге сәл айналдырыңыз.

Электрондық айналымдар санын реттеу

Айналу жиілігін реттегіштің (15) көмегімен электр құралының айналу жиілігін тікелей реттеуге болады.