Тағайындалу бойынша қолдану

PFS 1000

Электр құралы мына бүрку материалдарын себуге арналған: құрамында еріткіш бар және сумен ерітуге болатын (ұсынылатын) лак бояулары, көкшіл бояулар, төсеме бояулар, бітегіштер, түссіз бояулар, майлар және су.

Электр құралы дисперсиялық және латексті бояуларды (қабырға бояулары), сілтілерді, желіндіру ерітінділерін, қышқылды қамтитын жабын материалдарын, зарарсыздандырғыш құралдарды, өсімдік қорғайтын құралдарды, фасадтық бояуларды, түйіршікті және шағын бөлшектерді қамтитын бүрку материалын, сондай-ақ бүркуге және тамшылауға келмейтін материалдарды өңдеуге арналмаған.

 

PFS 2000

Электр құралы қолданыстағы барлық бояуларды бүркуге арналған: дисперсиялық және латексті бояулар (қабырға бояулары), құрамында еріткіш бар және сумен ерітуге болатын (ұсынылатын) лак бояулары, көкшіл бояулар, төсеме бояулар, бітегіштер, түссіз бояулар (ALLPaint), майлар және су.

Электр құралы сілтілерді, улағыш заттарды, қышқыл қамтитын төсеме материалдарды, зарарсыздандырғыш құралдарды, өсімдік қорғайтын құралдарды, фасадты бояуларды, түйіршікті және шағын бөлшектерді қамтитын бүрку материалын, сондай-ақ бүркуге және тамшылауға келмейтін материалдарды өңдеуге жарамайды.