Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

Ауа сүзгісін (28) мерзімді түрде тазалау керек. Егер ауа сүзгісі қатты ластанған болса, оны алмастыру қажет.

  • Ауа сүзгісінің қаптамасын (25) ашыңыз.
  • Ауа сүзгісін (28) шығарып алыңыз.
  • Жеңіл ластану:
    Ауа сүзгісін (28) сілкіңіз.
    немесе
    Қатты ластану:
    Ауа сүзгісін (28) ағынды су астында тазалаңыз және содан кейін зең басудың алдын алу үшін оны жақсылап кептіріңіз.
    немесе
    Ауа сүзгісін (28) ауыстырыңыз.
  • Ауа сүзгісін қайта орнатыңыз.
  • Ауа сүзгісінің қаптамасын (25) қайтадан жауып қойыңыз.
  • Майда бүріккіш жүйені ешқашан ауа сүзгісінсіз пайдаланбаңыз. Кір бөліктері қозғалтқыш бөлімінде жиналып, оған зақым келтіре алады.

Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының контейнерін әрдайым жылы сумен тазалаңыз.

Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.

  • Негізгі блокты (21) өшіріп, ауа шлангісін (19 бүріккіш пистолеттен (1)шығарыңыз.
  • Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
    Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (13) астында ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6) басыңыз.
  • Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
    Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8) немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін қолданыңыз.
  • Контейнерді (7) тазалаңыз.
  • Көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бөлшектеп, жақсылап шайыңыз.
    Көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бүріккіш пистолетке қайтадан бекітіңіз.
  • Контейнерді (7) жылы сумен толтырып, бүріккіш пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
  • Ауа шлангісін (19 бүріккіш пистолетке (1)қайтадан жалғаңыз.
  • Таза су ғана шыққанша бүркіңіз. Қажет болса, контейнерді жылы сумен қайтадан толтырыңыз.
  • Ауа шлангісін (19 негізгі блоктан (21) да, бүріккіш пистолеттен (1)де шығарып алыңыз.
  • Қажет болса, негізгі блокты ылғалды шүберекпен тазалап, содан кейін негізгі блокты (21) және ауа шлангісін (19 тікелей тазалау аймағынан алып тастаңыз.
  • Жаппа гайканы (3), ауа қалпағын (2), тығыздауыш шайбаны (12), пайдаланылатын бояу саптамасын (10)/(9) тығыздауыш сақинасымен (11) бірге және көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бөлшектеңіз.
    Бұл ретте тығыздауыш сақина (11) бояу саптамасында қалғанына көз жеткізіңіз.
  • Жылы су құйылған шелекте барлық бояу өткізетін бөлшектерді әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз. Сондай-ақ бүріккіш пистолеттің (1)бояу каналын (18) тазалаңыз.
  • Көтергіш құбырда (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бүрку материалының жоқтығына және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
    Қажет болса, контейнер тығыздауышын (16) жылы сумен тағы бір рет тазалаңыз.
  • Желдету саңылауын (17) жарамды затпен тазалаңыз.
  • Контейнерді (7) және бүріккіш пистолетті (1)сыртынан суланған шүберекпен тазалаңыз.
  • Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап кептіріңіз.
  • Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан монтаждаңыз.
    Контейнер тығыздауышын (16) көтергіш құбырдың (13) ойығына қайтадан жоғары қарай жылжытыңыз.
    Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
    Көтергіш құбырды (13) міндетті түрде бояу каналының (18) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.

Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының контейнерін әрдайым пайдаланылған бүрку материалына арналған тиісті сұйылтқышпен тазалаңыз.

Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.

Еріткіштермен және еріткіш негізіндегі бояулармен тазалау жұмыстарын өткізген кезде арнайы қолғап киіп жүріңіз.

  • Негізгі блокты (21) өшіріп, ауа шлангісін (19 бүріккіш пистолеттен (1)шығарыңыз.
  • Қажет болса, негізгі блокты сұйылтқышпен дымқылданған шүберекпен тазалап, содан кейін негізгі блокты (21) және ауа шлангісін (19 тікелей тазалау аймағынан алып тастаңыз.
  • Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
    Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (13) астында ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6) басыңыз.
  • Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
    Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8) немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін қолданыңыз.
  • Контейнерді (7) тазалаңыз.
  • Көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бөлшектеп, жақсылап шайыңыз.
    Көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бүріккіш пистолетке қайтадан бекітіңіз.
  • Контейнерді (7) жартысына дейін еріткішпен толтырып, бүріккіш пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
  • Бүріккіш пистолетті бірнеше рет шайқаңыз.
    Бұл ретте сұйылтқышты сеппегеніңізге көз жеткізіңіз. Жарылыс қаупі бар.
  • Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатып, жабылатын материал құтысына толығымен ағызыңыз.
  • Жаппа гайканы (3), ауа қалпағын (2), тығыздауыш шайбаны (12), пайдаланылатын бояу саптамасын (10)/(9) тығыздауыш сақинасымен (11) бірге және көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бөлшектеңіз.
    Бұл ретте тығыздауыш сақина (11) бояу саптамасында қалғанына көз жеткізіңіз.
  • Сұйылтқыш құйылған шелекте барлық бояу өткізетін бөлшектерді әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз. Сондай-ақ бүріккіш пистолеттің (1)бояу каналын (18) тазалаңыз.
  • Көтергіш құбырда (13) контейнер тығыздауышымен (16) бірге бүрку материалының жоқтығына және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
    Қажет болса, контейнер тығыздауышын (16) тағы бір рет сұйылтқышпен тазалаңыз.
  • Желдету саңылауын (17) жарамды затпен тазалаңыз.
  • Контейнерді (7) және бүріккіш пистолетті (1)сыртынан сүйылтқышпен ылғалданған шүберекпен тазалаңыз.
  • Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап кептіріңіз.
  • Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан монтаждаңыз.
    Контейнер тығыздауышын (16) көтергіш құбырдың (13) ойығына қайтадан жоғары қарай жылжытыңыз.
    Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
    Көтергіш құбырды (13) міндетті түрде бояу каналының (18) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.

Ластанған сұйылтқыш, бүрку материалының қалдығы және бар болса, сұйылтқыш қалдығы нұсқауларға және қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жаратылуы тиіс. Өндірушінің кәдеге жарату нұсқаулары мен арнайы қоқыс бойынша жергілікті ережелерді ескеріңіз.

Қоршаған орта үшін зиянды химиялық заттар топыраққа, жер астындағы суларға немесе суқоймаларға түспеуі тиіс. Қоршаған орта үшін зиянды химиялық заттарды ешқашан канализацияға тастамаңыз!

  • Майда бүріккіш жүйесін сақтаудан алдын, оны әбден тазалап барлық бөлшектерді жинаудан алдын кептіріңіз.

Майда бүріккіш жүйе қолданылмай тұрған кезде, резеңке таспа  істікпен  бірге (негізгі блоктағы (21)) ауа шлангісін (19 сақтауға арналған орын ретінде қызмет атқарады.