Жұмыс істеуге дайындық

Бояу себілетін бет таза, құрғақ және майсыз болуы қажет.

  • Тегіс беттерді бұдырлап, содан кейін ажарлау шаңын кетіріңіз.

Пайдаланған кезде, қапталмаған барлық беттер бүріккіш тұманмен ластануы мүмкін. Сондықтан бояу себілетін беттің айналасын жақсылап дайындаңыз:

  • Еденді, интерьер заттарын, есіктерді, терезелерді және есік пен терезе жақтауларын және т.б. мұқият жауып қойыңыз. Еденді жабу үшін, мысалы, бояу флизелині ұсынылады.
  • Жапқыш материалды бекітіңіз. Жеткілікті бекітілмеген жапқыш материал қатты ауа ағынынан босап қалуы немесе ұшырып түсірілуі мүмкін.
  • Розеткалар мен ажыратқыштарды мұқият жабыстырыңыз. Жабыстырылмаған розеткалар мен ажыратқыштар қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін және ток соғу қаупін арттырады.

  • Сұйылту кезінде бүрку материалы мен сұйылтқыштың үйлесімді болғанына көз жеткізіңіз. Қате сұйылтқыш пайдаланылған жағдайда, бүріккіш пистолеттің бітелуіне әкелуі мүмкін кесектер пайда болуы мүмкін.
  • Бүрку материалын сұйылтуда қоспаның жану нүстесі сұйылтқаннан соң қайта 55 °C жоғары жатқанына көз жеткізіңіз. Мысалы, еріткіш қамтитын лактарды сұйылтуда жану нүктесі төменделеді.
  • Бүрку қабілеті туралы, мысалы, нұсқаулықтағы немесе техникалық төлқұжаттағы бояу өндірушісінің мәліметтеріне назар аударыңыз. Өндірушінің мәліметтеріне сәйкес жарамсыз бояуларды бүркімеңіз.
  • Бүрку материалын жақсылап араластырыңыз.
    Бүрку материалы бөлме температурасында пайдаланылған кезде, бүрку сипаты жақсырақ болады.
  • Қажет болса, бүрку материалын сұйылтыңыз.
    Егер сынақ бүрку кезінде жақсы бүрку сипаты пайда болмаса, оңтайлы бүрку сипатына жеткенше, 5 % қадам бойынша сұйылту әрекетін орындаңыз.

Бүрку материалы

Ұсынылған сұйылту

Сүректі қорғайтын заттар, майлар, көкшіл бояулар, бітегіштер, су

0 %

Еріткішпен немесе сумен сұйылтылатын (ұсынылады) лак бояулары, төсеме бояулар, тот басудан қорғайтын төсеме бояулар, радиаторларға арналған лактар, қалың қабатты көкшіл бояулар

0–5 %

Дисперсиялық бояулар және латексті бояулар (қабырға бояулары)

кемінде 5 %

Сұйылту кестесі

Бүрку материалы
[мл]

Сұйылтуға арналған сұйылтқыш [мл]

5 %

10 %

15 %

300

15

30

45

400

20

40

60

500

25

50

75

600

30

60

90

700

35

70

105

800

40

80

120

Ескертпе: Бүрку материалын толтырудан алдын ауа шлангісін (20) алып қойыңыз (найзалы құлыпты (21) шірек айналымға сағат тіліне қарсы; найзалы құлыпты (21) қосқыштан (9) тарту).

  • Үлкен ыдыстарды пайдаланған кезде бүріккіш материалды кішірек қотару шелегіне (14) құйыңыз (мысалы, 10 л қабырға бояуын 2,5 немесе 5,0 л бос шелекке).
  • Бір қолмен бүріккіш пистолетті үстап басқа қолмен контейнерді (7) ашу таңбасының бағытында бұраңыз.

  • Бүріккіш пистолетті контейнерден (7) алып қойыңыз.
  • Егер ашық бүріккіш материалды пайдалансаңыз, мұқият тазаланған толтыру тошасын (13) контейнерге (7) салып, толтыруда пайда болуы мүмкін кесектерді ұстаңыз.
  • Бүрку материалын максималды 1000 белгісіне дейін ыдысына (7) толтырыңыз.
  • Бүріккіш пистолетті контейнерге (7) салыңыз. Контейнерді (7) жабу таңбасының бағытында жабу сақинасы (6) естіліп тірелгенше бұраңыз.

  • Сынақ аймақта бүріккіп көріңіз.

Тиісті бүрку сипатын алғаннан кейін, бүркуді бастай беруіңізге болады.
немесе
Егер нәтижеге көңіліңіз толмаса немесе бояу ақпай тұрса, келесі бөлімді қараңыз: қараңыз Ақаулықтарды жою