Шаң/жоңқа сору (BE суреттерін қараңыз)

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Нұсқау: Аралауда әрдайым бағыттау құбырын (24) немесе шаң/жоңқа қорабын (25)пайдалансаңыз, ұшып тұрған жоңқалар сізге тимейді.

Бағыттау құбырын (24) қосылған шаң/жоңқа сорумен немесе онсыз пайдалану мүмкін. Бағыттау құбырын пайдалануға байланысты ретте сізге жоңқа тимейтін етіп бұрап, жоңқа шығатын жерге (16) салыңыз.

Сыртқы сорғыш (B суретін қараңыз)

Шаңсорғыш шлангын (23) (жабдық) жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға (16) қосыңыз. Сорғыш шлангын (23) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Өзіндік сору (CE суреттерін қараңыз)

Шаң/жоңқа қорабын (25) кіші жұмыстарда жабылған шибер (26) менен пайдалану мүмкін. Үлкен жұмыстарда шиберді жоңқалар түсетін етіп ашық қою керек.

Шаң/жоңқа қорабын (25) жоңқа шығатын жерге (16) салыңыз.

Шаң/жоңқа қорабын (25) уақытында босатып, тиімділігін сақтаңыз.

Шаң/жоңқа қорабын (25) босату үшін оны жоңқа шығатын жерден (16) тартып алыңыз. Шиберді (26) жоғарыға басып шаң/жоңқа қорабын (25) жанға бұрап оны босатыңыз.

Салудан алдын шаң/жоңқа қорабының (25) қос құбырын тазалаңыз.