Өлшеу функциялары

Функциялар мәзірінде төмендегі функциялар бар:

  • Ұзындықты өлшеу
  • Ауданды өлшеу
  • Көлемді өлшеу
  • Ұзақтықты өлшеу
  1.  түймесін, дисплейде (5) қалаулы функцияның индикациясы пайда болғанша басыңыз.
  2. Таңдауды растау үшін  түймесін басыңыз.

  1.  түймесін, дисплейде (5) ұзындықты өлшеу  индикациясы пайда болғанша басыңыз.
  2. Таңдауды растау үшін  түймесін басыңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  4. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.
  5. Өлшеу мәні нәтижелер жолағында (d) көрсетіледі.
  6. Жоғарыда көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз.

Өлшеу түймесін  ұзақ басу арқылы әр өлшеу функциясынан ұзындықты өлшеу  функциясына ауысасыз.

Бірнеше ұзындықты өлшеу әрекеті бірінен кейін бірі орындалған жағдайда, соңғы өлшеу әрекеттерінің нәтижелері өлшеу мәндерінің жолақтарында (c) көрсетіледі. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің астыңғы жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады және т.с.с.

  1.  түймесін, дисплейде (5) ауданды өлшеу  индикациясы пайда болғанша басыңыз.
  2. Таңдауды растау үшін  түймесін басыңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  4. Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ұзындығы,  түймесін басыңыз.
  5. Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ені,  түймесін басыңыз.

Екінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, жазықтық автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (d) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (c) тұрады.

  1.  түймесін, дисплейде (5) көлемді өлшеу  индикациясы пайда болғанша басыңыз.
  2. Таңдауды растау үшін  түймесін басыңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  4. Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ұзындығы,  түймесін басыңыз.
  5. Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ені,  түймесін басыңыз.
  6. Үшінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің биіктігі,  түймесін басыңыз.

Үшінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, көлем автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (d) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (c) тұрады.

Ұзақтықты өлшеу кезінде, өлшеу мәні үздіксіз жаңартылып тұрады. Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа дейін алыстауға болады, ағымдағы қашықтық әрдайым көрінеді.

  1.  түймесін, дисплейде (5) ұзақтықты өлшеу  индикациясы пайда болғанша басыңыз.
  2. Таңдауды растау үшін  түймесін басыңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  4. Өлшеу құралын, қажетті қашықтық нәтижелер жолағында (d) көрсетілгенше жылжытыңыз.
  5.  түймесін қысқаша басу арқылы ұзақтықты өлшеу функциясын тоқтатуға болады.
  6. Ұзақтықты өлшеу әрекетін жалғастыру үшін  түймесін қайта басыңыз.

Ағымдағы өлшеу мәні нәтижелер жолағында (d), максималды және минималды өлшеу мәні өлшеу мәндерінің жолақтарында (c) көрсетіледі.

Ұзақтықты өлшеу 4 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.