Өлшеу процесі

Қосылғаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады.

Өлшеудің негізгі жазықтығы ретінде қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі таңдалады. Негізгі жазықтықты өзгертуге болады. қараңыз Негізгі жазықтықты таңдау

  1. Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
  2. Лазер сәулесін қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  3. Лазер сәулесімен мақсатты жазықтықты белгілеңіз.
  4. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін қайтадан қысқаша басыңыз.

Өлшеу ұзақтығы қашықтыққа, жарық жағдайына және мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты болады. Өлшеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесі автоматты түрде өшеді.

Ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу,  түймесін алғаш рет басқаннан кейін бірден басталады.

Егер көздегеннен кейін шамамен 20 секунд ішінде ешқандай өлшеу орындалмаса, лазер сәулесі батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады және дисплей күңгірттенеді.

Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес (үздіксіз өлшеу мен еңісті өлшеу функцияларының ерекшеліктері). Сондықтан өлшеу құралын мүмкіндігінше берік тіреу немесе жанасу бетіне қойыңыз.
Қабылдау линзасы (9) мен лазер сәулесінің шығысын (8) өлшеу кезінде жабуға болмайды.

Өлшеу диапазонына әсерлері

Өлшеу диапазоны жарық жағдайы мен мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты.

Сыртта жұмыс істеген кезде және күн сәулесі қатты болғанда, лазер сәулесі жақсырақ көрінуі үшін, лазер көру көзілдірігін (11) (керек-жарақ) және лазер нысандық тақтасын (12) пайдаланыңыз немесе мақсатты жазықтықты экрандаңыз.

Өлшеу нәтижесіне әсер ету

Физикалық әсерге байланысты әртүрлі беттерде өлшеу кезінде қате өлшемдердің пайда болуын есептен шығару мүмкін емес. Оларға мыналар кіреді:

Қажет болса, осы беттерде лазер нысандық тақтасын (12) (керек-жарақ) пайдаланыңыз.

Оған қоса қиғаш көзделген мақсатты жазықтықтарда да қате өлшемдер пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ әртүрлі температураларға ие ауа қабаттары немесе жанама қабылданған шағылысу өлшеу мәніне әсер ете алады.