Өлшеу функциялары

Функциялар мәзірінде төмендегі функциялар бар:

  • Ұзындықты өлшеу
  • Ауданды өлшеу
  • Көлемді өлшеу
  • Ұзақтықты өлшеу
  • Еңісті өлшеу
  • Сандық ватерпас
  • Қосу/алу
  • Жанама қашықтықты өлшеу
    • Жанама биіктікті өлшеу
    • Қос жанама биіктікті өлшеу
    • Жанама ұзындықты өлшеу
  1. (k) түймесін басып, қажетті функцияны басыңыз.
  2. Беттер арасында ауысу үшін немесе  түймесін басыңыз.

Өлшеу құралына кіріктірілген анықтама функциясы бөлек өлшеу функцияларына/өлшеу процестеріне егжей-тегжейлі анимацияны ұсынады.

  1. Функциялар мәзірін ашыңыз.
  2.  түймесін басыңыз.
  3. Қажетті функцияны басыңыз.
  4. Анимацияда таңдалған өлшеу функциясы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар көрсетіледі.
  5. Анимацияны тоқтата тұру үшін  түймесін, ал анимацияны жалғастыру үшін  түймесін басыңыз. және  түймелерінің көмегімен алға немесе артқа айналдырып өтуге болады.

  1. (k) түймесін басып, ұзындықты өлшеу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін басыңыз.
  3. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.
  4. Өлшеу мәні өлшеу мәндерінің жолағында (g) көрсетіледі.
  5. Жоғарыда көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз.

Бірнеше ұзындықты өлшеу әрекеті бірінен кейін бірі орындалған жағдайда, соңғы өлшеу әрекеттерінің нәтижелері өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) көрсетіледі. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің астыңғы жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады және т.с.с.

  1. (k) түймесін басып, ауданды өлшеу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін басыңыз.
  3. Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ұзындығы,  түймесін басыңыз.
  4. Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ені,  түймесін басыңыз.

Екі өлшеу әрекетінің арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады.

Екінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, жазықтық автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (g) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) тұрады.

  1. (k) түймесін басып, көлемді өлшеу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін басыңыз.
  3. Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ұзындығы,  түймесін басыңыз.
  4. Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің ені,  түймесін басыңыз.
  5. Үшінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін, мысалы, бөлменің биіктігі,  түймесін басыңыз.

Үшінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, көлем автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (g) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) тұрады.

Ұзақтықты өлшеу кезінде, өлшеу мәні үздіксіз жаңартылып тұрады. Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа дейін алыстауға болады, ағымдағы қашықтық әрдайым көрінеді.

Минимумды өлшеу функциясы берік негізгі нүктеге дейінгі ең қысқа қашықтықты анықтау үшін қолданылады. Ол, мысалы, тік немесе көлденең сызықтарды анықтау кезінде көмектеседі.

Максимумды өлшеу функциясы берік негізгі нүктеге дейінгі ең үлкен қашықтықты анықтау үшін қолданылады. Ол, мысалы, диагональ сызықтарды анықтау кезінде көмектеседі.

  1. (k) түймесін басып, ұзақтықты өлшеу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін басыңыз.
  3. Өлшеу құралын, қажетті қашықтық нәтижелер жолағында (g) көрсетілгенше жылжытыңыз.
  4.  түймесін қысқаша басу арқылы ұзақтықты өлшеу функциясын тоқтатуға болады.
  5. Ұзақтықты өлшеу әрекетін жалғастыру үшін  түймесін қайта басыңыз.

Ағымдағы өлшеу мәні нәтижелер жолағында (g), максималды және минималды өлшеу мәні өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) көрсетіледі.

Ұзақтықты өлшеу 4 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.

Еңісті өлшеу функциясы көтерілісті немесе еңісті өлшеу (мысалы, сатының, таяныштардың, жиһазды кірістірген кезде, құбырларды өткізген кезде және т.б.) үшін қолданылады.

  1. (k) түймесін басып,  түймесін басыңыз.
  2. Еңісті өлшеу функциясын пайдалану үшін өлшеу құралын сол жақ бүйірімен еңісін өлшегіңіз келетін заттың үстіне қойыңыз.
  3.  түймесін басу арқылы өлшеу мәнін жадқа сақтауға болады.

Еңісті өлшеу үшін негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. Дисплейде еңіс бұрышы көрсетілмесе, бұл өлшеу құралының өлшеу барысында тым қатты бүйірге аударылғанын білдіреді.

Сандық ватерпас үстіңгі беттің туралануын тексеру үшін қолданылады.

  1. (k) түймесін басып,  түймесін басыңыз.
  2. Сандық ватерпасты пайдалану үшін өлшеу құралын артқы жағымен өлшенетін үстіңгі бетке қойыңыз.
  3.  түймесін басу арқылы өлшеу мәнін жадқа сақтауға болады.

Ұзындық, аудан немесе көлем мәндерін қосу/алу арқылы ұзындық, аудан немесе көлем өлшенеді және оларды автоматты түрде қосуға немесе алуға болады (мысалы, материалды есептеу кезінде пайдалы).

  1. (k) түймесін басып, ұзындықты өлшеу , ауданды өлшеу немесе көлемді өлшеу түймесін басыңыз.
  2. Қосу "+" және алу "–" арасында ауысу немесе жаңа есептеу әрекетін іске қосу үшін түймесін басыңыз.
  3. Лазерді қосу үшін  түймесін басыңыз.
  4. Бөліктерді  түймесі арқылы өлшеңіз.
  5. Қосу/алу әрекетін аяқтау үшін  түймесін басыңыз.
  1. 9999999 м3 шамасынан артық немесе –999999 м3 шамасынан кем мәндерді көрсету мүмкін емес, дисплейде "ERROR" жазбасы пайда болады.

Жанама қашықтықты өлшеу функциясы сәуле жолында кедергі болғанда немесе қайтарғыш ретінде мақсатты жазықтық қолжетімді болмағанда, тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеу үшін қолданылады. Бұл өлшеу процесін тек тік бағытта пайдалануға болады. Көлденең бағыттағы әр ауытқу өлшеу қателіктерін тудырады.

Жанама қашықтықты өлшеудің дәлдігі әрдайым тікелей қашықтықты өлшеуден төменірек болады. Пайдалану жағдайына байланысты өлшеу қателіктері тікелей қашықтықты өлшеу қателіктерінен үлкен болуы мүмкін. Өлшеу дәлдігін жақсарту үшін өлшеу құралын берік тіреу немесе жанасу бетіне қоюға кеңес беріледі.

Өлшеу әрекеттерінің арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады.

Жанама қашықтықты өлшеу үшін әртүрлі қашықтықтарды өлшеуге мүмкіндік беретін 3 өлшеу функциясы бар:

  • Жанама биіктікті өлшеу
  • Қос жанама биіктікті өлшеу
  • Жанама ұзындықты өлшеу

Жанама биіктікті өлшеу

Жанама биіктікті өлшеу функциясының көмегімен AB қашықтығын анықтауға болады, ол үшін 1 қашықтығы өлшенеді. Өлшеу құралы ізделетін AB биіктігін  бұрышынан және 1 қашықтығынан есептейді.

Дұрыс нәтижелерге, тиісті өлшеу кезінде сұралатын дұрыс бұрыш дәл сақталған кезде ғана қол жеткізіледі.

  1. (k) түймесін басып,  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  3. Өлшеу құралын астыңғы B өлшеу нүктесінің биіктігі бойынша орналастырыңыз.
  4. Өлшеу құралын лазер жоғарғы A өлшеу нүктесімен тураланатындай аударыңыз.
  5. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.

Өлшеуді аяқтағаннан кейін, биіктік автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (g) көрсетіледі. Бөлік 1 және бұрыш  бойынша өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) орналасқан.

Қос жанама биіктікті өлшеу

Қос жанама биіктікті өлшеу функциясының көмегімен AB қашықтығын анықтауға болады, ол үшін 1 және 2 қашықтықтары өлшенеді. Өлшеу құралы ізделетін AB биіктігін  бұрышынан және 1 және 2 қашықтығынан есептейді.

Бұл өлшеу әрекеті үшін штативті қолдануға кеңес беріледі.

  1. (k) түймесін басып,  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  3. Өлшеу құралын лазер жоғарғы A өлшеу нүктесімен тураланатындай аударыңыз.
  4. Бірінші өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.
  5. Өлшеу құралын лазер астыңғы B өлшеу нүктесімен тураланатындай аударыңыз. Бұл ретте өлшеу құралының орналасқан жерін өзгертпеңіз.
  6. Екінші өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.

Өлшеуді аяқтағаннан кейін, биіктік автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (g) көрсетіледі. Бөлік 1, 2 және бұрыш  бойынша өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) орналасқан.

Жанама ұзындықты өлшеу

Жанама ұзындықты өлшеу функциясының көмегімен AB қашықтығын анықтауға болады, ол үшін 1 қашықтығы өлшенеді. Өлшеу құралы ізделетін AB ұзындығын  бұрышынан және 1 қашықтығынан есептейді.

  1. (k) түймесін басып,  түймесін басыңыз.
  2. Лазерді қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  3. Өлшеу құралын ізделетін AB қашықтығының A бастапқы нүктесіне қойыңыз.
  4. Өлшеу құралын лазер B соңғы нүктесі де орналасқан жазықтықпен тураланатындай етіп аударыңыз.
  5. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.

Өлшеуді аяқтағаннан кейін, ұзындық автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (g) көрсетіледі. Бөлік 1 және бұрыш  бойынша өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (f) орналасқан.