Пайдалануға ендіру

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (6) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (5) басқанда бұл мүмкін емес.

Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) солға тірелгенше басыңыз.

Сол жаққа айналу бағыты: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) оңға тірелгенше басыңыз.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (5) басып тұрыңыз.

Жұмыс шамы (3) ажыратқыш (5) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (5) жіберіңіз.

Ажыратқыш (5) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі мен құрал бекіткіші бұғатталады.

Бұл аккумулятор заряды таусылғанда да бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Бұрғылау шпинделі бұғатталғанда, ажыратқышты (5) 15 секундтан ұзақ баспаңыз. Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.

  • Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.