Батареяны енгізу/алмастыру

Өлшеу құралын пайдалану үшін сілті-марганец батареяларын немесе никель-металл гидрид аккумуляторларын (әсіресе төмен жұмыс температураларында) пайдалануға кеңес беріледі.

  1. Батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз.
  2. Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз.

Егер бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болса, бұл әлі шамамен 15 минуттық өлшеу әрекетін орындауға болатынын білдіреді.

Барлық батареяларды немесе аккумуляторларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бірдей өңдіруші ұсынған және бірдей қуатты батареяларды немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.