Пайдалануға ендіру

Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау пернесін (3) басып кейін қосқыш/өшіргішті (4) басып ұстап тұрыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (4) жіберіңіз.

Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (4) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.

Қызыл жарық диодты индикатор (17) аккумуляторды қатты қызып кетуден және моторға артық жүктеме түсуден қорғайды.

Жарық диодты индикатор (17) тұрақты түрде қызыл түсте жанып тұрса, ist аккумулятор температурасы тым жоғары көтерілген, электр құрылғысы автоматты түрде өшіп қалады.

  • Электр құралды өшіріңіз.
  • Жұмысты жалғастырудан алдын аккумуляторды суытыңыз.

Жарық диодты индикатор (17) қызыл түсте жанса, электр құрылғысы блокталып, автоматты түрде өшеді.

Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.

Блокталу жойыллғаннан соң электр құралы жұмысын жалғастырады.

Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.

Шам (27) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (4) сәл немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.