Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)

Сору адаптерін (30) бекіту бұрандасы (29) арқылы негізгі тақтаға (7) бекітіңіз.

Сору адаптерін (30) диаметрі 35 мм сору шглангісіне жалғауға болады.

Дұрыс тартылуы үшін сору адаптерін (30) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.

Сыртқы сорғыш

Сору шлангісін (31) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.