Пайдалану түрлері

  • Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы керек.

Қосқұлақты сомынды (18) босатыңыз. Кесу тереңдгі аса терең болмауы үшін электр құрылғысын негізгі тақтадан (7) тартып шығарыңыз, кесу тереңдігі үлкен болуы керек болса, электр құрылғысын негізгі тақтаға (7) қарай итеріңіз. Кесу тереңдігі шкаласының (19) қажетті деңгейін орнатыңыз. Қосқұлақты сомынды (18) қайта бекітіңіз.

Кесу тереңдігін орнатқан кезде, (32) анықтамалық белгісін ((19) кесу шкаласы тереңдігі жағындағы) пайдаланыңыз.

Электр құралды қорғағыш қаптаманың (13) бүйірлік бөлігіне қойыңыз.

Қатпарлы бұрандаларды (10) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді (9) шкаласы арқылы орнатыңыз. Қатпарлы бұрандаларды (10) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Конус бұрышын орнатқан кезе, (28) анықтамалық белгісін (кронштейннің үстінде) пайдаланыңыз.

Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (19) көрсетілген саннан кем.

0° кесу белгісі (12) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (11) 45°-бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді.