Шаң/жоңқа сорғыш (B суретін қараңыз)

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Нұсқау: аралау кезінде ұшпа жоңқаның тиюіне жол бермеу үшін әрдайым жоңқаны бағыттау құбырын (21) пайдаланыңыз.

Бағыттау құбырын (21) қосылған шаң/жоңқа сорумен немесе онсыз пайдалану мүмкін. Бағыттау құбырын пайдалануға байланысты ретте сізге жоңқа тимейтін етіп бұрап, жоңқа шығатын жерге (16) салыңыз.

Сыртқы сорғыш (B суретін қараңыз)

Шаңсорғыш шлангын (20) (жабдық) жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға (16) қосыңыз. Сорғыш шлангын (20) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.