Пайдалану түрлері

  • Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы керек.

Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған иінтіректің (29) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.

Шағын кесік тереңдігі үшін араны тірек тақтасынан (13) ары тартыңыз, ал үлкен тереңдік үшін араны тірек тақтасына (13) қарай итеріңіз. Кесік тереңдігінің шкаласында (28) қажетті өлшемді орнатыңыз.

Электр құралды қорғағыш қаптаманың (15) бүйірлік бөлігіне қойыңыз.

Қатпарлы бұрандаларды (7) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді (6) шкаласы арқылы орнатыңыз. Қатпарлы бұрандаларды (7) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (28) көрсетілген саннан кем.

Алға қарай ашылатын "CutControl" көру терезесі (9) дискілік араны дайындамаға сызылған кесік сызығында дәл басқаруға арналған. "CutControl" көру терезесінде (9) тікбұрышты кесік және 45° кесік үшін белгілер бар.

0° кесу белгісі (30) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (31) 45°-бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді.

Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ кесік жасап көріңіз.