Желдеткішті монтаждау

Желдеткішті екі қарнақ бекіткішінің (10) көмегімен қарнақтарға (макс. Ø 22 мм) бекітуге болады.

Қарнақ бекіткіштерін (10) қарнақ үстінен орналастырып, желдеткішті қарнақтарға жылжытыңыз.

Штативті пайдалану бойынша нұсқаулар

Монтаждалған желдеткішті штативте тік күйде ғана пайдаланыңыз.

Штатив аяқтарын, штатив тұрақты болатындай және ортаңғы бағана тік тұратындай орнатыңыз.

3 кг шамасынан асатын жүккөтергіштікке ие штативті пайдаланыңыз.

Желдеткішті штативке монтаждау

Желдеткіштің штатив бекіткішін (9) штативтің бекіткіш бұрандаларының (1/4") үстінен орналастырып, желдеткішті бекіткіш бұрандаға қойыңыз.

Нұсқау: желдеткіштің штатив бекіткіші (9) бекіткіш бұрандаға толықтай орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Желдеткішті штативке бекіту үшін желдеткішті сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.

Бұрандалы қысқыштарды қысқыш беттерге (11) бекіту арқылы желдеткішті бұрандалы қысқыштармен бірге монтаждаңыз.