Ажарлауыш құралдарын орнату

Тегістеу шпинделін (22) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (2) басып, шпиндельді бекітіңіз.

Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері

Жылдам қысқыш гайкамен монтаждау (19) 

(AdvancedGrind 18V-80)

Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (корпустағы айналу бағытының көрсеткісін қараңыз).

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін жылдам тартқыш сомынды (19) басқа аспапсыз пайдаланыңыз.

Тегістеу шпинделін (2) бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін басыңыз. Жылдам тартқыш сомынды (19) бекіту үшін жылдам тартқыш сомын ілмегін жоғарыға қайырып жылдам тартқыш сомынды сағат тлімен қатты бұраңыз. Ілмекті жылдам тартқыш сомынды бекіту үшін төменге қайырыңыз. Диск шетінде тартып қою жетерлік емес.

Тиісті ретте бекітілген, зақымдалмаған жылдам тартқыш сомынды (19) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам тартқыш сомынның ілмегін жоғарыға қайырып жылдам тартқыш сомынды сағат тіліне қарсы қатты бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам тартқыш сомынды аспаппен босатпаңыз, екі бүйірлік тесігі бар сомын кілтін пайдаланыңыз.

Қысқыш фланец пен ажарлау/кесу дискісін орнатқаннан соң ажарлау шпинделінің бос бұранда ұзындығы кемінде 4 мм болуы тиіс.

Ажарлау аспабының қатты тұруына көз жеткізіңіз, осылай ол электр құралының шығысында шпинделден шыңып кетпейді.

Ортаға келтіретін буртиктің тірек фланецінде (14) пластмасса бөлшек (дөңгелек қимасы бар сақина) бар. Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ немесе зақымдалған болса, ары қарай пайдаланбай тұрып тірек фланецті (14) міндетті түрде ауыстыру керек.

Қысқыш гайкамен монтаждау (18)

(UniversalGrind 18V-75)

Ажарлау құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес келуі керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).

Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.

Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (18) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз.

M 14 ажарлау шпинделіне арналған тірек фланеці: тірек фланецінде (14) ортаға келтіретін түйіннің айналасына пластик бөлік (тығыздауыш сақина) енгізілген. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (14) қайта пайдаланбас бұрын міндетті түрде алмастыру керек.