Айналу жиілігін алдын ала таңдау
(AdvancedGrind 18V-80)
Айналу жиілігін алдын ала таңдау реттегіші (7) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.
Материал | Пайдалану | Алмалы-салмалы аспап | Реттегіш дөңгелектің күйі |
---|---|---|---|
Металл | Бояуды кетіру | Ажарлағыш төсем | 2–3 |
Металл | Қылшақпен өңдеу, тотты кетіру | Тостаған тәрізді қылшақ, ажарлағыш төсем | 3 |
Тот баспайтын болат | Ажарлау | Ажарлағыш диск/талшықты диск | 4–6 |
Металл | Бастапқы ажарлау | Ажарлағыш диск | 6 |
Металл | Кесу | Кескіш диск | 6 |
Тас | Кесу | Алмас кескіш диск | 6 |
Айналу жиілігі деңгейлерінің берілген мәндері анықтамалық мәндер болып табылады.
- Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.