Пайдалану бойынша нұсқаулар

Тереңдік шектегішімен (16) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

  • Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (5) басып, тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (15) орнатыңыз.
    Тереңдік шектегішінің (16) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.
  • SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus аспапының ұстағышына (2) тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең болғанша тартыңыз.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Электр құралы бұғатталған жағдайда, оны өшіріп, бұғатталған бұрғылау құралын босатыңыз. Бұрғылау құралының бұғатталған күйінде қосқан кезде, жоғары реакция моменттері туындайды.

Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді азайтады.