Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы ажыратқыш жартылай немесе толық басылғанда бірнеше секунд ішінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.

Жарық диоды

Қуаты

Үздіксіз жарық 3 × жасыл

75–100 %

Үздіксіз жарық 2 × жасыл

40–75 %

Үздіксіз жарық 1 × жасыл

15–40 %

Баяу жыпылықтау 1 × жасыл

0–15 %

Артық жүктемеден қорғаныс іске қосылғанда, заряд деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды. Егер тек ортаңғы жарық диоды жылдам жыпылықтаса, бұл аккумулятордың немесе электр құралының температурасы жұмыс диапазонынан тыс болғанын білдіреді. Аккумулятор мен электр құралын суытыңыз.