Ауа сорғыларына арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Ауа сорғысын пайдаланған кезде үрленетін өнімнің рұқсат етілген қысымынан асырмағаныңызға көз жеткізіңіз. Өнім жарылуы немесе бұзылуы және сізге жарақат тигізуі мүмкін.
Шланг және адаптердің металл бөліктері ұзақ уақыт пайдаланылған кезде қатты қызып кетуі мүмкін. Ұзақ жұмыс істеген кезде үзілістерді жоспалаңыз және бөліктерді қажетінше суытыңыз. |
- Ауа сорғысын бақылаусыз қалдырмаңыз.
- Үрлегеннен кейін өнімнің қысымын калибрленген өлшегіш құрылғымен тексеріп шығыңыз. Қате қысым қауіпті жағдайларды тудыруы, мысалы, автомобиліңіздің қозғалысындағы өзгерістерге әкелуі мүмкін.
- Балалардың ауа сорғысын пайдалануына жол бермеңіз. Ауа шлангісін немесе ауа ағынын адамның немесе жануардың аузына, құлағына немесе көзіне бағыттамаңыз және шаңды немесе басқа да бөліктерді адамдар мен жануарларға қарай үрлеп шығармаңыз. Бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Индикаторлары немесе басқа бөліктері бұзылған ауа сорғысын пайдаланбаңыз. Үрленетін өнімнің рұқсат етілген қысымынан асыру орын алып, қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |