Екі бөлікке бөлінген ажарлау тақтасын алып тастау (D суретін қараңыз)

Ажарлау тақтасын босатуға арналған SDS ысырмасын (9) тірелгенше оңға жылжытыңыз.

Ажарлау тақтасын (10) шығарыңыз.

Артқы ажарлау тақтасын (11) ұстау ойығынан төменге қарай, содан кейін артқа қарай тартыңыз.

Ажарлау дискісінің алдыңғы ұшы тозған болса, толық ажарлау тақтасын алып – 120°-қа бұрап – қайта салуға болады.