Пайдалану нұсқаулары

Жылтыратуда төмен айналу санын таңдап, беттің жоғары қызуының алдын алыңыз.

Тегістеуде ажырату қуаты таңдалған тегістеу дискіне және алдын ала таңдалған тербелу санына (1) байланысты.

Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады.

Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға талпыныңыз.

Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез тозуын тудырады.

Бұрыш, қыр және әрең жететін жайларды нақты тегістеу үшін тегістеу пластинасының ұшын немесе қырын пайдалану керек.

Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін пайдаланбаңыз.

Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын пайдаланыңыз.