Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Өзіндік сору шаң қорабымен (A1–A4 суреттерін қараңыз)

Шаң қорабын (7) үрлегіш штуцерге (14) жылжытыңыз.

Шаң қорабының жайы (7) мөлдір контейнер арқылы оңай бақыланады.

Шаң қорабын (7) босату үшін жай бұрап артқа тартыңыз.

Сүзгі элементін (6) шаң қорабынан (7) бұрап алыңыз. Шаң қорабын босатыңыз.

Сүзгі элементін (6) жай қатты тақтаға соққылап, шаңды алып қойыңыз. Сүзгі элементінің (6) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.

Нұсқау: Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін шаң қорабын (7) уақытында босатып, сүзгі элементін (6) жүйелік түрде тазалаңыз.

Тік аймақтарда жұмыс істегенде электр құралының шаң қорабын (7) төменге көрінетін етіп ұстаңыз.

Сыртқы сорғыш (B суретін қараңыз)

Сору адаптерін (16) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге (15) (керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз. Сору адаптерін (16) электр құралындағы үрлеп шығару келте құбырымен (14) және сорғыш шлангіні (15) шаңсорғышпен (керек-жарақ) байланыстырыңыз.

Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.