Пайдалануға ендіру

  • Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) оңға "I" күйіне аударыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) солға "O" күйіне аударыңыз.

Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.

Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (1) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.

Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.